Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазақстанның конституциялық институттарына және Қазақстан халқының тұрақтылығына сенеміз", - делінген ведомствоның Twitter-дегі парақшасында.
Twitter-де АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Ержан Ашықбаевпен әңгіме қорытындысы бойынша хабарлама жарияланды.
We believe in Kazakhstan’s constitutional institutions and the resilience of the Kazakhstani people.
Deputy Asst. Secretary McDonald spoke with @KZAmbUS about building trust w/ civil society, respecting freedom of expression, & exercising due process for those facing charges.
pic.twitter.com/f5F6hoOze7— State Department: Democracy, Human Rights, & Labor (@StateDRL) January 13, 2022
Әңгіме барысында Қазақстан Үкіметі мен азаматтық қоғам арасындағы сенімді нығайту, сөз бостандығын қамтамасыз ету және елде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ұсталғандардың құқықтарын сақтау мәселелері талқыланғаны айтылды.