АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресейге айып тақты

Мемлекеттік департамент мәлімдемесінде «Ресей жасақтарды қару-жарақпен және қондырғылармен қамтамасыз етіп, қаруланған адамдардың шекарадан өтуіне көмектесіп отыр деп есептейміз» делінген.

Мәлімдеменің Еуроодақтың сәрсенбіде басталатын саммиті қарсаңында жасалуы тегін емес, - дейді сарапшылар. АҚШ осы жиында Ресейге қарсы санкцияларды қатаңдатуға қол жеткізбек.