РБК ақпараты бойынша, К. Райс бұны Венесуэланың АҚШ-қа мұнай жеткізуді тоқтату жөнінде айтқан қорқытуларынан кейін, конгресте өткен тыңдаулар -отырысы барысында мәлімдеді.
"Мен Каспий аймағы мен Орталық Азияда энергетикалық меселелермен айналысатын арнайы үйлестірушіні тағайындауды жоспарлап отырмын ", -деп мәлімдеді К. Райс. Сонымен қатар, үйлестіруші әлемдік нарықта өршіп бара жатқан энергетикалық тұрақсыздық мәселесімен айналысады. "Бұл дипломатияның маңызды бөлігі. Сонымен қатар, әлемнің кейбір түкпірінде энергетикалық саясат дипломатияны деформациялауда", - деп атап өтті АҚШ сыртқы саясат ведомствосының басшысы.