АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісінің орынбасары "Манас" әуежайындағы Америка базасын кеңейту мүмкіндігі жайлы қауесетті жоққа шығарды

Елшіліктің хабарлауынша, кеше Бішкекке келген Дж. Крол Бішкектегі "Манас" әкежайындағы Америка базасын кеңейту жөніндегі мәселені талқылау үшін Қырғызстанға сапармен келе жатыр деген қауесет пен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын жоққа шығарды. "Бұл толығымен жалған әңгіме. АҚШ үкіметі Манас базасының аумағын кеңейту жөнінде жоспар құрып отырған жоқ", - деп мәлімдеді Дж. Крол.