АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Астанаға келеді

Америкалық елшіліктің баспасөз қызметінен хабарланғандай, бұл сапар - АҚШ-тың Орталық Азияның дамуы мен ондағы қауіпсіздікті құптайтынының бір айғағы.

«АҚШ - Қазақстан Республикасында елшілік ашқан алғашқы ел.  Ол елдер арасындағы  аймақтық қауіпсіздіктің күшеюін, сауда-экономикалық байланыстың кеңеюін, адам және азаматтық қоғам құқықтарының күшеюін мақтан тұтады», - делінген елшілік хабарламасында.


У. Бернс екіжақты және аймақтық ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін мемлекет басшылығымен кездеспек. Онда қауіпсіздік, саясат, экономика мәселелері қаралады.