АҚШ мемлекеттік хатшысының Қазақстанға жасайтын сапарының бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, К.Райс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен 13-қазанда кездеседі.

Сол күні ол Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетте жұртшылық алдында сөз сөйлейді деп күтілуде. Сондай-ақ, ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев пен Кондолиза Райстың қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізіледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Азия елдеріне жасайтын ауқымды сапарының барысында Қазақстанға келмекші. Ол бүгін кешке Астанаға келеді. Шетелдік БАҚ-тардың ақпаратына сәйкес, Пәкістандағы жер сілкінісіне байланысты К.Райстың сапарының бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік хатшы жолай осы елге де хабарласып қайтпақшы.