АҚШ Орталық Азия елдерінен 100 млн доллардың тауарын сатып алуға уәде етіп отыр

деп хабарлады жұмада Тәжікстандағы АҚШ елшілігінен.

"Орталық Азияның бизнес-порталы" жобасы аясында АҚШ-тың орталық командованиесі Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстаннан 100 млн доллардың тауарын сатып алмақ", делінген елшіліктің хабарламасында.

Америкалық дипломаттардың айтуынша, құрылыс материалдары, жиһаз, электр тауарлары, медициналық тауарлар, генераторлар, полиграфия өнімдері, офистік және тұрмыс техникасы сатып алынбақ.

АҚШ 2014 жылы Ауғанстаннан әскерлерін шығару шаруасын аяқтамақ. Вашингтон алдында бүкіл бес республиканың билігімен сол елдердің аумағы арқылы АҚШ әскерлерінің әскери емес жүктерін транзитпен өткізу жайында келіскен болатын.