АҚШ пен Куба Гаванада тарихи келіссөздерін бастады

Желтоқсан айында екі елдің президенті Барак Обама мен Рауль Кастро екі ел қатынастарының бәсеңдегені туралы жариялауы бұл кездесудің өтуіне себеп болды. Америкалық делегацияны мемхатшының көмекшісі Роберта Джейкобсон бастады.

Сәрсенбі күні мигранттармен байланысты мәселелерді талқылау жоспарланған. Бейсенбі күні елшіліктер жұмысын қалыпқа келтіру жайы қаралмақ.

Би-би-си ақпаратынша, Гаванада ондаған жылдық дауды шешу керек болғандықтан бұл дипломаттарға артылған жүк ауыр.