Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілі Дженнифер Псаки мәлім етті.
Оның айтуынша, ЕҚЫҰ миссиясы Украинаға 100 ұзақ мерзімдік және 900 қысқар мерзімдік бақылаушы жіберген.
Дж.Псакидің айтуынша, Украинадағы 2013 аймақтық сайлау комиссиясының 11-і жабылған. Олар Донецк пен Луганскіде орналасқан. Қалыптасқан жағдайға қарамастан аталған облыстарда бірқатар сайлау округтері жұмыс істемек.
Украина билігі Қырым мен Славянск тұрғындарының дауыс беруі үшін сайлау учаскелерін әзірлеп қойды, деп атап өтті ол.