АҚШ президенті АҚШ бюджеті бойынша келісімді құп алды

«Бұл демократтар мен республикалықтар бірігіп, дағдарысқа апаратын шолақ шешімдердің қабылдануына жол бермегенінің жақсы белгісі», - дейді президент.

Ол мұны тек алғашқы қадам екенін айтып, конгресс бұл бағытта әлі көп нәрсе атқаруы тиіс екенін атап өтті және конгресмендерді қол жеткен келісімдер үшін дауыс беруге шақырды.

Бұған дейін сенаттың бюджеттік комитеттері мен американдық конгресс палатасының өкілдері бюджет бойынша бюджет шығыны мен тапшылықты қысқартуды қарастыратын келісімдер туралы жариялаған болатын.