Бүгін ол мемлекеттік сапармен оңтүстік Кореяға атбасын тіреді. Сұхбат осы сапар қарсаңында жарияланып отыр.
«Солтүстік Корея қайтадан ядролық қару сынап, тағы да қателесетін болса, халықаралық қоғамдастық тарапынан жақсылық күтпесін», - деп мәлімдеді Б.Обама.
Осыдан біраз бұрын, Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі өкілі Ким Мин Сок КХДР мамандары Пунгери полигонында кезекті ядролық қаруды сынауға әзірленіп жатқан болуы мүмкін деген мәлімет таратқан болатын. Ол сынақтың АҚШ президентінің сапарына орайластырылуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.