жарылыс жасаған күдіктінің айыбы мойындалса, оның өлім жазасына кесілуіне барын салады. Бұл туралы британдық Би-би-Си телерадиокорпорациясы хабарлады.
Прокуратура болжамы бойынша, Джохар Царнаев пен оның ағасы Тамерлан қолдан жасалған жарылғыш заттарды марафонның мәре сызығына орнатқан. Салдарынан үш адам көз жұмып, 260-тан астам адам жарақат алды.
Д.Царнаевқа 30 тармақ бойынша айып тағылып отыр. Оның 17-сі бойынша өлім жазасы кесілуі мүмкін.
Алайда Д.Царнаев кінәсін мойындаған жоқ.
Ағайында Царнаевтар АҚШ-қа 2000 жылдары көшіп барған. Т.Царнаев жарылыстан соң бірнеше күннен кейін полициямен атысып көз жұмды.