«Іскерлік және туристік визаларды он жылға алу Қазақстан және Америка азаматтарына көп уақытын виза алуға жібермей, бірден сапарларын жоспарлауға мүмкіндік береді», — деп сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролдың сөздеріне сілтеме жасайды.
Он жыл мерзімге берілетін іскерлік, туристік визаның құны - 160 АҚШ доллары.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі де АҚШ азаматтарына он жыл мерзімге виза беруді қарастырып отыр. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанға 30 күнге дейін келетін АҚШ азаматтарына виза қажет етпейді.