АҚШ Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 9 мың ауғанды паналатуды сұрады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Вloomberg басылымының деректері бойынша, келісім Америка мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты орнату жөніндегі ірі мәміленің бір бөлігі болуы тиіс. Ол ауған мәселелерін реттеу төңірегінде болады. Вашингтонда жұмыс сапарымен жүрген Өзбекстан мен Тәжікстанның Сыртқы істер министрлері Абдулазиз Камилов пен Сироджиддин Аслов осы аптада тиісті құжаттарға қол қоюы керек.

Bloomberg дереккөздерінің айтуынша, Вашингтон аталған елдердің билігі олардың аумағынан барлау жүргізуге мүмкіндік беруін сұрап отыр. Келісім барлық тарапқа пайдалы екені хабарланды, өйткені "Талибан" радикалды қозғалысының содырлары Тәжікстан шекарасына жақындады.


Бүгін тәліптер Тәжікстан маңындағы тарихи резиденцияны басып алғаны белгілі болды.

29 маусымда Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов ауған әскерінің Өзбекстан аумағына енбек болғанын мәлімдеді.