Оның айтуынша, "энергетика саласындағы екі жақты ынтымақтастық - ортақ мақсатқа қол жеткізудің маңызды құрамдас бөлігі болмақ".
Бірлескен комиссияның отырысы барысында мұнай және газ, электр қуаты және қоршаған ортаны қорғау, баламалы энергетикалық және өнеркәсіптік ядролық технологиялар саласындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері сарапқа салынады.
Энергетикалық әріптестік жөніндегі Қазақстан-АҚШ бірлескен комиссиясы екі ел арасында ұзақ мерзімді энергетикалық әріптестік орнатып дамыту үшін 2001-жылдың желтоқсан айында құрылған.