Ол атап көрсеткендей, Американың тұғырнамасы "алдағы төрағалыққа сайланар алдында Қазақстанның берген уәделерін қалай орындайтынын бақылап отыруда".
Ол Мадридте берілген уәделер саяси реформаға қатысты және 2008 жылдың ішінде заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендірумен байланысты болып табылады. "Бұл өзгерістерді халықаралық стандарттарға, ЕҚЫҰ ұсыныстарына сәйкес дұрыс жоспарлау қажет. Сондай-ақ, парламент бұл өзгерістерді қабылдағаны жөн. Қабылдау процесі ашық және транспарентті болуы шарт. Қалай жүзеге асып жатқанын халық көруі керек", - деп атап көрсетті мемлекеттік хатшының көмекшісі.
"Біз, әрине, бұл міндеттемелердің орындалғанын асыға күтетін боламыз. Қазір тек екі-ақ ай өтті. Біз бұл үрдістің қалай жүргізілетінін әлі бақылайтын боламыз", - деді ол.