АҚШ Қазақстанның бағдарламасын қолдайды

"Біз президент Назарбаевпен бірге "Еуропаға жол" бағдарламасын талқыладық. Біз бұл бағдарламаны толығымен қолдаймыз және ол шындығында да Қазақстанға заманауи экономикасы бар мемлекетке айналуға мүмкіндік беретін бағдарлама болуы үшін оның барлық қырларын талқылайтын болмыз", - деді Р. Баучер.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне байланысты "Еуропаға жол" арнайы бағдарламасын жасауды тапсырған болатын. Ел президенті: "Бағдарлама экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, технологияны, басқару тәжірибесін тартуға, заңдарды жетілдіруге, ЕҚЫҰ-да төрағалы етудің стратегиялық көрінісін жасауға ықпал етуі тиіс", - деп түсіндірген болатын.