АҚШ Қазақстанның өндірілетін мұнай көлемін ұлғайтуға бағытталған қадамдарын жоғары бағалайды - АҚШ конгрессінің мүшесі (толық нұсқасы)

"Мұнайдың бағасы кейінгі уақытта шарықтау шегіне жеткенін ескере отырып, біз Қазақстанның өндірілетін мұнай көлемін ұлғайтуға бағытталған және әртараптандыру мен оны әлемдік нарыққа тасымалдау бағытындағы қадамдарын жоғары бағалаймыз", - деді А. Хастингс.

"Сонымен бірге, мен Қазақстанның өнеркәсіптің шикізат өндіру саласындағы ашықтық бастамасының аясындағы күш-жігеріне риза боламын және Қазақстан осы бастамаға кіретін елдердің кандидатураларына қойылатын ең минималды талаптарға сай келеді деп ойлаймын", - деді конгрессмен.

"Бірақ мен Қазақстанның осы ең минималды талаптардың үдесінен де асып түсіп, елдің мұнай байлығына сабақтаса келетін саяси мәселелерді бір жағынан, екінші жағынан - экономикалық және әлеуметтік қиындықтар мен қатерлерді қалай тепе-тең ұстау керектігін көрсету арқылы басқа елдер үшін үлгі болады деп сенемін", -деді А. Хастингс.