АҚШ қор нарығы 119 жыл бұрынғы құлдырау деңгейін қайталады


911 пунктінен айырылған индекс, 1897 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.
FactSet компаниясының мәліметтерінше, жыл басындағы төрткүндік құлдырау тарихтағы ең төменгі көрсеткіш болып отыр. Nasdaq индексі 6 пайызға төмендеп, 2000 жылдан бергі соңғы 16 жылдағы ең нашар деңгейді көрсетті. «Инвесторлар биылғы жылды алаңдаушылықпен қарсы алды», - дейді АҚШ-тың қаржы нарығының төмендеуіне қатысты түсініктеме берген Yardeni Research инвестициялық-кеңес беру фирмасының басшысы Эд Ярдени.
Американың қор нарығының құлдырауына Қытайдағы қор нарығының төмендеуі және юаньнің девальвациясы себепші болды. Сондай-ақ нарық ойыншыларының дүрлігуіне мұнайдың әлемдік бағамының соңғы 12 жылдан бергі рекордтық деңгейде төмендегені де әсер етті.