АҚШ Ресейге қарсы санкцияларын бір жылға ұзартты

АҚШ президенті Барак Обама Ресейге қарсы санкциялардың бір жылға ұзартылатынын жариялады. Бұл туралы бейсенбі күні британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы хабарлады.


Санкция жариялауға түрткі болған себептердің ішінде Қырымның Ресейге қосылуы мен Украинадағы жағдайлар бар.
2014 жылдың наурызында Еуропалық одақ пен АҚШ Қырымның Ресейге қосылуы туралы референдумды заңсыз деп танып, оған жауап ретінде санкция жариялайтынын мәлімдеген болатын.