АҚШ Ресеймен әскери ынтымақтастығын үзуде - Пентагон

Барлық бірлескен оқу-жаттығулар, келіссөздер, сапарлар мен конференциялар уақытша тоқтатылады.

«Біз Ресейді Украинадағы дағдарысты өршітпеуге, Қырымдағы ресейлік жасаққа Ресейдің Қырымдағы Қаратеңіз флотындағы жағдайды реттейтін келісімге сәйкес талап етілгендей базаға кері оралуға шақырамыз», - деп Пентагон баспасөз хатшысы контр-адмирал Джон Кирби мәлімдеді.


Пентагон АҚШ-тың Еуропа мен Ортатеңіздегі қарулы күштер стратегиясы Украинадағы жағдайға байланысты қандай да бір өзгерістерге ұшырамағанын атап көрсетті.