АҚШ резервтерін ашатын болса, мұнай бағасы баррель үшін 12 долларға төмендеуі ықтимал - сарапшы

мұнай бағасы бір баррель үшін 12 долларға төмендеуі ықтимал, деп мәлімдеді Bloomberg агенттігіне Калгари Университетінің экономисі және бұрынғы президенттер Дж.Форд пен Дж.Картер әкімшіліктерінің бұрынғы кеңесшісі.

Көмірсутегі бағасының төмендеуіне орай,  Ресей шамамен 40 млрд доллар табысынан айырылады, бұл ІЖӨ 2 пайызына эквивалентті болмақ. Сонымен қатар, Energy Analytics Group Ltd сарапшысы Тон Финлонның пайымдауынша, оның ықпалы аз ғана уақытқа жарамды болмақ, өйткені дүниежүзілік мұнай рыногында баға жылдам қалпына келтірілетін болады, алдында да АҚШ резервінен отын сатылған жағдайларда солай болған. Аға әріптес Эдвард Чоудың айтуынша, резервтер бағаны бұрмалау үшін емес, іркілістердің алдын-алу үшін құрылған.

Алдында танымал америкалық қаржыгер миллиардер Джордж Сорос АҚШ-тың стратегиялық мұнай қоры минималды рұқсат етілген деңгейден екі есеге көп, резервтердің бір бөлігін сату арқылы РФ қысып алуға болады, деп мәлімдеген болатын. Алайда елдің энергетика министрі Эрнст Мониц бейсенбіде Конгресте тыңдау барысында бұл ұсынысты қабылдатпады.


АҚШ энергетика министрлігінің айтуынша, отынның стратегиялық қоры 696 млн баррелді құрайды.

2014 жылдың басынан бері Brent мұнайы 3,4% арзандады.