Атап айтсақ, салық және инвестициялар жөніндегі халықаралық орталықтың президенті Даниел Виттің мәлімдеуінше, "сайлау науқаны барысында халықаралық бақылаушылар Қазақстанның демократиялық принциптерді қолдайтындығы мен ашықтық ауанын нақты сезінді".
Осы елдің тағы бір өкілі Дуглас Таунсендтің айтуынша, "олар Қазақстандықтардың сайлауға жоғары белсенділікпен қатысуына, халықтың оптимистік пиғылына, оппозициялық партиялардың ел игілігі үшін үкіметпен ынтымақтастыққа әзірлік танытқан конструктивтік көзқарасына тәнті болып, ризашылық сезімге бөлеген".
Д.Витт мәжіліс төрағасына АҚШ өкілдерінің сайлауға қатысты мәлімдемесінің мәтінін табыс етті. "Кездесулер барысында біз сіздің елдегі демократия тек бос декларация емес, адамдардың жүрек қалауы екенін сезіндік",- деді Д.Витт. Ол өкілдер мәлімдемесі БАҚ-тарға арнайы таратылатынын хабарлады.