"Біз төрт сенат депутаты кеше Исламабадта сапарда болдық. Сапар осы елдегі қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылыққа және ЕҚЫҰ елдері үшін Пәкістанның стратегиялық маңызына байланысты болды", - деді Б. Кардин.
"Біз осы елдің президентімен және үкімет басшысымен кездестік. Сондай-ақ, біз осы салада қазір қалыптасқан жағдайды, атап айтсақ, "Әл Каида" мүшелері Пәкістанда жасырынып отырып Ауғанстан мен Пәкістанның өзіне соққы беретін мүмкіндікті одан әрі жалғастыра беруге болмайтынын айттық", - деді сенатор.