АҚШ Сенатының арнайы комитеті Сириядағы әскери операцияны қолдады

Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, Б.Обаманың жоспарын комитеттің 10 мүшесі қолдаса, жетеуі қарсы дауыс берді. Ал бір сенатор қалыс қалды. Енді, келесі аптада Сириядағы әскери операцияны өткізуді көздейтін резолюция бүкіл сенат палатасының талқылауына түседі. Ал оның құрамында 100 сенатор бар.

Айта кетейік, резолюцияның бүгінгі жобасына сәйкес, Сириядағы әскери операцияны 60 күннің ішінде өткізу көзделген. Сондай-ақ тағы бір айдай қосымша уақыт қарастырылып отыр. Құжат тек әуе соққыларын ғана жасауды көздейді.


Сондай-ақ, АҚШ Сенатының Халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті Ақ үйдің Сирияға соғыс ашу туралы қарарын мақұлдағаннан кейін алтын бағасы өсе бастады.
           Жылдам жеткізілетін алтынның унциясы 0,3% қымбаттап, 1395,07 долларға тұрақтады, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі. Таяуда ғана оның құны 1,5% арзандаған болатын.
           Жыл басынан бері алтын 17% арзандады.