АҚШ сириялық оппозицияға 6 млн $ мөлшерде қаржылық көмек көрсетті


Бұл қаражат сириялық оппозиция азат еткен аудандарда көмек көрсетуге бағытталған.
Өтпелі оппозициялық үкімет басшысы Ахмед Тохме бұл қаражат екі бөлікке бөлінетінін айтады.
Оның айтуынша, 4,4 млн $ инфрақұрылымды қалпына келтіруге және ауыр қондырғылар сатып алуға жұмсалады.
Қалған 1,6 млн $ оппозицияға бағыныңқы аймақтардағы жергілікті билікке қолдау көрсетуге, мұқтаж жандарға гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталады.