АҚШ сириялық оппозицияға қосымша қаржы бөлу туралы шешім қабылдады


АП агенттігінің хабарлауынша, осымен Вашингтонның 2011 жылы бүлік басталғалы бері сириялық оппозицияға бөлген қаражаты 287 млн долларды құрап отыр.

Сонымен қатар, американ билігі Вашингтондағы Сирия оппозициясы өкілдігінің мәртебесін де жоғарылатпақ. Бұдан былай өкілдік «шетелдік миссия» болып есептеледі.