АҚШ-тың Сирияға соққы жасаймыз деген мәлімдемелері Дамаскіні бүлікшілерге қарсы күресті тоқтатуға мәжбүрлей алмайды. Жексенбі күні кешқұрым Сирия президенті Башар Асад осылай деп мәлімдеді.
«Американың қоқан-лоққысы бізді ұстанымымыздан қайтара алмайды. Біз террористерге қарсы күресті тоқтатпаймыз», - деді ол жергілікті телеарна арқылы сөйлеген сөзінде.
Б.Асадтың айтуынша, Сирия «сырттан келген басқыншыларға қарсы тұра алады».