Ақш Сирияны қайта бомбалап жатыр


Әуе шабуылына Құрама штаттармен қатар Бахрейн, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірлігі мен Иорданиядақатысуда. Одақтастардың әуе күштері «Ислам мемлекеті» ұйымының содырлары бақылауға алған аумаққа қанатты зымырандарын жаудырып жатыр. Алғашқы шабуыл бір жарым сағатқа созылыпты. Сол уақыт аралығында нысанаға алынған экстремистердің тұрағы мен Ракка қаласында орналасқан штаб-пәтері толықтай жойылған. Сондай-ақ содырлардың әскери жаттығу өткізетін алаңы да жермен жексен болды. Айта кетсек, өз аумағын бомбалауға Сирия басшылығы ресми рұқсат берген жоқ. Бірақ Америка оған қарайтын емес. Тіпті АҚШ Президенті Барак Обама «экстремистер қай елге тығылса, сол елге іздеп барып көзін жоямыз» деп күшке мініп отыр.