Қызыл жарты ай қоғамының бағалауынша, қалың қар мен үскірік аяздан Жамбыл облысы тұрғындарының 60 проценті мен Қарағанды облысының Шахтинск қаласы тұрғындарының 70 проценті зардап шекті.
"Бөлінген қаржы табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендерге жедел көмек көрсету мақсатына жұмсалады. Қаржыны көмек құралдарын сатып алу үшін жергілікті билік, жеке меншік қайырымдылық ұйымдар мен Халықаралық даму агенттігінің миссиялары пайдалана алады",- делінген елшіліктің түсініктемесінде.
АҚШ Мемлекеттік департаменті мен ЮСАИД ахуалды қадағалау жұмысын одан әрі жалғастырып, қажет болған жағдайда қосымша көмек беруге дайын, дейді елшіліктегілер.