АҚШ Украинаның Донецк және Луганск облыстарында өткен референдумдардың нәтижелерін заңсыз деп тануды талап етеді

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Дженнифер Псаки мәлім етті.

«Украина заңдары бойынша бұл референдумдар заңсыз болып табылады және олар ел арасына жік салып, жағдайды ушықтыра түсуге бағытталған. Бұл процесс тоқтатылмаса халықаралық құқық пен Украинаның аумақтық тұтастығы бұзылады. АҚШ бұл референдумдардың нәтижелерін мойындамайды», - деді Дж.Псаки.

Сонымен қатар, ол Вашингтонның Украинадағы жағдайды жақсартуға ықпал ете алмағаны үшін Ресейден көңілі қалғанын атап өтті.


Мемлекеттік департамент өкілінің айтуынша, халықаралық қоғамдастық 25-мамырда өтетін президент сайлауында Украинаны барынша қолдауға күш салмақ.