ABC News хабарлағандай, Хантер Байденді жұмыстан шығару туралы шешім 2014 жылғы ақпан айында сынама кокаинге оң нәтиже көрсеткеннен кейін қабылданған.
2012 жылы Байденнің ұлы, білімі бойынша заңгер, АҚШ ӘТК баспасөз қызметіне орналасу үшін қажетті құжат ресімдеуді бастады. 2013 жылғы 7 мамырда ол АҚШ резервіне қабылданды. Сол жылы жазда есірткіге тест өткізгенде, оң нәтиже көрсеткен. Басылым осыдан кейін оның әскери мансабының аяқталғанын атап өтті.
Ағымдағы жылғы мамырда Хантер Байден Украинадағы көмірсутегін өндірумен айналысатын Burisma мұнай-газ холдингі басқармасының мүшесі атанды. Бұл ретте оның негізгі жұмыс орны Нью-Йорктегі Schiller & Flexner LLP заң фирмасы. Бұдан басқа, кіші Байден жаһандық көшбасшылық мәселелері жөніндегі АҚШ коалициясының, Қауіпсіздік саясаты орталығы мен Ұлттық демократиялық институтының төрағасы лауазымын атқарады.