"Сарбаз қорғану мақсатымен өзінің 9 мм-лік тапаншасын шығарып, оқ атқан",- делінген әуе базасының басшылығы бүгін таратқан баспасөз баянында.
Баспасөз баянына сәйкес, Қырғызстан азаматы АҚШ сарбазына пышақ көрсетіп қатер төндірген. "Жүргізуші өткізу бекетінде өз көлігін қарапайым тексеруден өткізу үшін тоқтаған. Көлігі тексеріліп жатқан уақытта ол күтуге арналған шатырға жіберілген. Әскери әуе күштерінің сарбазы шатырға таянып келген сәтте жүргізуші оған пышақ көрсетіп қорқытқан. Артынан пышақ оқиға орнынан табылды",- деп хабарлайды әуе базасының баспасөз қызметі.
"Жүргізушінің кеудесінен екі оқ тиген. Бұл АҚШ Әскери әуе күштері қауіпсіздік қызметінің барлық қызметкерлеріне үйретілетін стандартты процедураға сәйкес",- дейді баспасөз қызметі. "Арпалыс кезінде қарсыласы өте жақын жерде болған жағдайда және оның қолында қару болса, егер қауіпсіздік қызметі қызметкерінің өміріне қатер төнсе, олар қатерді мейлінге бейтараптандыруға мүмкіндік алу үшін кеудеге қаратып екі оқ атуға машықтанған",- делінген құжатта.
Әуе базасының хабарламасына сәйкес, оқиға орнына Әскери әуе күштерінің медиктері тез арада келген. Олар зардап шеккен адамды сол маңдағы ең жақын медициналық мекеме - әуе базасының госпиталіне жеткізген. Ер адам сол жерде қайтыс болды.
Хабарламада атап көрсетілгеніндей, оқиғаға қатысы бар сарбаз қызметтен босатылып, оның қаруы қару-жарақ бөліміне табысталды. "Бұл оқ атылуға байланысты оқиға болған жағдайда тергеу жұмыстары кезінде жүрнгізілетін стандартты процедура",- делінген құжатта.
Қазір АҚШ сарбазы әуе базасында. Оқиғаның мән-жайы Қырғызстанның тергеушілерімен бірлесе тексерілуде, делінген баспасөз баянында.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 6-желтоқсанда жергілікті уақытпен 15 сағат шамасында АҚШ әуе базасының сарбазы әуе базасының бақылау-өткізу бөлімінде "Эйркрафт Петролеум" компаниясының жанармай тасушы көлігінің 42 жастағы жүргізушісі Александр Ивановты атып өлтірді.
Ганси әуе базасы 2001-жылдан бері Бішкектен 30 шақырым жердегі халықаралық Манас әуежайының аумағында орналасқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті