Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Бұл туралы "Казахстанская правда" газеті хабарлап отыр. "АҚШ-тың Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мен қалпына келтіруге қатысуына байланысты Қазақстан Республикасы аумағы арқылы арнайы жүкті транзитпен өткізуді коммерциялық жолмен қамтамасыз ету туралы үкіметаралық келісімге өзгеріс енгізу протоколын ратификациялау туралы" заңға қол қойылды", - делінген хабарламада. Мұның алдында сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәжілісте 2017 жылы АҚШ тарабы Ауғанстанға арнайы жүкті тасымалдау бағытын өзгертуді сұрағанын айтқан болатын. "АҚШ тарапы Құрық пен Ақтау портын транзиттік бағытқа қосуды ұсынған. Бұл арнайы жүкті Әзірбайжан аумағынан Каспий арқылы Қазақстанға жеткізіп, ары қарай теміржол арқылы Сарыағаш, Келес және Бейнеу - Қарақалпақстан, Өзбекстан арқылы Ауғанстанға жеткізуге мүмкіндік береді", - деген еді министр. Мұның алдында ресейлік БАҚ-та "Ақтау мен Құрық порттарында АҚШ-тың әскери базалары орналастырылады" деген ақпарат тарап кеткен болатын. Ресейдегі Қазақстан елшілігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Елшілік мәліметінше, мұның алдында Ресей де АҚШ-пен ұқсас келісім жасасып, арнайы жүкті жеткізуге қатысқан болатын.
Оқи отырыңыз:
«Меломен» тобының жігіттері Байзақова мен Ninety one-ды сабауға шақырды
Енді көлікке берілетін мемлекеттік нөмірді жүргізушілер тегін таңдай алады
Луина төсін не үшін үлкейткенін айтты