АҚШ және Ұлыбритания Ауғанстандағы әскери операцияларын ресми түрде аяқтады


деп хабарлады жексенбіде америкалық Эн-би-си телеканалы.

Бұл оқиғаға арналған шара Гильменд провинциясында "Кемп Лезернек" әскери базасында өтті. АҚШ бұл базадағы басшылықты ауған әскерлеріне өткізді.

Алдында хабарланғандай, АҚШ және оның НАТО-дағы одақтастары Ауғанстандағы әскери операцияларды 2014 жылдың соңында аяқтамақ. Артынан бірақ Вашингтон онда 10 мыңдай америкалық әскери қызметшісін қалдырмақ, олар ауған әскерлері мен полицияны дайындаумен айналыспақ.