АҚШ Жерорта теңізінде зымыран ұшырған жоқ

АҚШ Жерорта теңізінде ұшақ та, зымыран да ұшырған жоқ. Бұл туралы сейсенбі күні Вашингтондағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып американдық Си-Би-Эс телеарнасы хабарлады.


           Бұған дейін Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде зымыран ұшырылды деген ақпарды теріске шығарған болатын.
           Осыдан бірер сағат бұрын Ресей Қорғаныс министрлігі РФ зымыран шабуылын барлау жүйесі таңғы сағат 10:16-да Жерорта теңізі акваториясында екі бірдей баллистикалық зымыран ұшырылғанын тіркеді деп хабарлаған-ды.
           Ұшырылымдар Армавирдегі жеке радиотехникалық торап арқылы тіркелген.
           Бұл туралы РФ Қорғаныс министрі армия генералы Сергей Шойгу Ресей президенті, Жоғарғы бас қолбасшы Владимир Путинге хабарлады, делінген хабарламада.