АҚШ зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін сәтті түрде сынақтан өткізді - Пентагон

«Бұл баллистикалық зымырандарға қарсы қорғаныс жүйеміздің мүмкіндіктерін жетілдіру және күшейту жөніндегі маңызды қадам», - делінген американдық қорғаныс ведомствосы таратқан мәлімдемеде.

Калифорния базасынан жіберілген қақпалдағыш зымыран Маршалл аралдарынан ұшырылған шартты баллистикалық зымыранды сәтті түрде қағып түсірген.