Ақша айырбастау орындарында доллар 358 теңгеден сатылып жатыр

Бұл туралы Kurs.kz сайтында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша, теңге қазір 356-358 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске сала кетейік, 9 тамыздағы биржа саудасында ұлттық валюта долларына 355,38 теңгеге дейін әлсіреген болатын.

Сондай-ақ, осыған дейін Ұлттық банк өкілдері теңгенің әлсіреу себептерін атаған болатын.