Ақша аударған әйел қатерлі дертке шалдыққан Әлима Көпейдің еміне жиналған ақшаны қайтаруын талап етті

Айтуынша, одан алаяқтар ақшаны қайтаруын сұраған.

Айта кетейік, қатерлі ісікке шалдыққан бір жарым жасар Әлима Көпейдің тағдыры тек Қазақстан емес, әлем жұртшылығын алаңдатты.

Оның еміне қазақстандық және шетелдік жұлдыздар да ақша аударды. Бүгінде Америкадағы клиникада ем алып жатқан бүлдіршіннің беті бері қарап келеді.

«Маған әлдебір әйел маусым айында жіберген ақшасын қайтаруын сұрап смс жазды. Бірақ мен ол қомақты қаражат болғандықтан оны жайдан жай аудара алмаймын. Кімнің жібергенін білмеймін. Ол жәрмеңкеден түсті ме, әлде ұжым атынан жиналып берілді ме, ол жағы белгісіз. Сондықтан тексермей тұрып ақшаны қайтара салу деген ақылға қонымсыз. Қаладағы достарым ол әйелдің банкке келіп, ақша жіберген түбіртегін көрсетіп, шынында ақша аударғанын дәлелдеуін талап етеді. Егер оның ақшаны аударғаны рас болса, ақшасын береміз. Басқа жағдайда аудармаймыз», – деп жазады әкесі парақшасында.

Айтуынша белгісіз әйел одан 591 мың теңгені қайтаруын сұраған.


КейінненӘлиманың әкесі достарының ол бойжеткенмен сөйлескенін айтты. Саяжан есімді қыз Атырауда жәрмеңке жетекшісі болған. Алайда жәрмеңке туралы барлық мәліметті өшіріп тастады. Оның атынан ешқандай қаражат түспеген.

Ал, Арайлым есімді қыз анасы Майра Мусинаның қазір қалада емес екенін, құжат нөмірін көрсетіп не кездесіп ақша аударғанын растай алмайтынын айтып ақталған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін денесінің 50 пайызы қатерлі ісікпен зақымдалған Алима Көпейдің анасы дәрігерлер үшін опық жегенін айтқанеді.