Ақша таппақ болған "алаяқтың" әрекеті бейнекамераға жазылып қалған

Жеңіл жолмен ақша тапқысы келген ер азамат жеңіл көліктің астына әдейі құлап, жәбірленген адамның кейпіне енген. Бірақ, ол өзінің бұл әрекеті бейнекамераға жазылып жатқанын білмесе керек.

Видео авторы аталған роликті өзінің Facebok әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған.

"Сәлем достар! Бүгін Каблуков көшесімен жоғары қарай кетіп бара жатып мынадай алаяқтықтың куәсі болдым. Көлігімнен түсіп, оларға болған жайттың камерға түсірілгенін айттым. Пальтодағы жаяу жүргінші сол замат кетіп қалды", - дейді видео авторы.

Бейнероликте пальто киген ер азаматтың Subaru көлігі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп кеткеннен кейін жолға секіріп, жәбірленушінің кейпіне ене қалғанын анық байқауға болады. Мұнысымен қоймай, ол әлгі көліктіге қарт жүргізушінің жағасынан алып, өзінің жәбірленуші екенін дәлелдемек болған.