Ақша үшін прокурорды өлтірген қаскөй сотталды


Марқұмның жақын танысы Тимур Әлібеков күдікті ретінде ұсталған. Тергеу деректеріне қарағанда, 28 жастағы прокурор Тимурдың атынан депозиттік шот ашқызып, 20 мың доллар салыпты. Бірақ, сеніп тапсырған адамы ақшаны жаратып жіберіп, қайтаруға құлықсыздық танытқан. Ал, қаржыны мүлдем бермеудің амалын ойлаған қаскөй, Ноғайбековтың үйіне келіп осындай айуандыққа барған. Енді ол 19 жылын темір торда өткізетін болады.