«ҚазМұнайГаз» ЖШС-нің бұрынғы менеджері Диляра Жақсымбетова ғаламторда шұғыл мәлімдеме жасады. Талон таратумен айналысқан ол 2,2 миллиард теңге ақша жымқырды деп айыпталып отыр. Әйтседе Жақсымбетова өзінің ешқандай қылмысқа қатысы жоқ екенін, керісінше өзге адамдардың арбауына түсіп қалғанын айтады. Оның айтуынша, терегу кезінде қателіктер кеткен. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады.
«Тоғыз айдан бері әділдікке жете алмай келемін. Барлық құқық қорғау орындарына арыз жаздым. Нәтиже жоқ. Кінәлі адамдардың барлығына айып тағылған жоқ, тек куәгер ретінде ғана тартылып отыр. Адал екенімді дәлелдеу үшін соңғы қадамға да баруға әзірмін дейді», - Жақсымбетова әлеуметтік желіге таратқан видеода.
Оның айтуынша, қылмысқа мекеменің бұрынғы басшылары кінәлі.