"Ақшаларыңды бір жерлеріңе тығып қойыңдар деді": Миллион командасы танымал актерден ауыр сөздер естігенін айтты

Миллион командасының желідегі парақшасына Нышанбек Жұбанаев жігіттерге деген өз ренішін пікірге жазған болатын.

"Киноларыңды түсіріп алып, соңында чертский тірліктерің болмады негізі...", - деп жазды ол.

Жайдарманшы-актерлардың айтуы бойынша, екі ортадағы ұрыстың негізгі себебі қаражат мәселесі болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Үлкен кинода ақшаны қолма-қол бермейді екенсің. Біз бәріне өзіміз береміз деп ойлағанбыз. Үлкен кинода барлық қаражатты продюсерге тапсырады екенсің. Ол келісім-шартпен болатын үлкен шаруа екен. Сөйтіп, бүкіл ақшамызды атқарушы продюсерге тапсырдық. Кинодағы барлық адаммен солар есептеседі. Негізі ақшасы берілген дейді. Телефонын алып, жігітше сөйлесейік десек қоя беріңдерші, бір жерлеріңе  тығып қойыңдар ақшаларыңды дейді. Біз басында ол кісі актер болғаннан кейін әзілдеп жатыр деп ойладық. Ақша біздің тараптан берілді. Бірақ, продюсерлермен өздерінің арасында бір жағдай болмаса. Бірақ, продюсерлер де ақшаны бердік деп отыр. Жолығып сөйлесу керек. Негізі кинодан кейін ол кісімен өмірде жақсы сыйласып кеткен болатынбыз. Мүмкін, біреулер айнытты ма, біз туралы бірдеңе деді ма деп ойлаймыз. Ол - екінші пландағы актерлардың бірі болды. Бірақ, ол кісіні трейлерге қоспағанымыз үшін де ренжіді-ау. Съемка барысында да бізді мойындағысы келмейтінін білдіретін. Оқымаған, тоқымағансыңдар сендер, даладан келгенсіңдер, көшеден қосыла салғансыңдар дейтін. Өнерге әркімнің-ақ бар таласы дейді. Мынау ғана жүрсін деген қағида жоқ. Кешегі Парижге барып әлемді таң қалдырған Әміре аталарымыз дипломы бар адам емес қой. Сондықтан Құдайдың берген талантымен қай жерге барсаң да шабуға болады", - дейді Миллион ұжымының мүшелері.