"Ақшаң болса қалтаңда, сыра ішіп, көлік басқарып талтаңда" - Айгүл Орынбек

Заңгер әлеуметтік желіге дәрігерлерге қол көтерген мас ер адамының полиция қызметкерлерінің көзінше көлік басқарған видеосын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Ақшаң болса қалтаңда, сыра ішіп, көлік басқарып талтаңда!

Қараға жүретін заң, ханға жүрмейтінінің тағы бір дәлелі. 

Бәрінің көзінше полиция қызметкерінің қолын алып, көлік басқарып кетіп қалу - жемқорлықтың шегі. 


Қызметте жүрген дәрігерлерді ұрып соғып, ішіп алып көлік басқарғаны үшін полиия қызметкерлері жәй ғана жібере салғанын Мұрат Қабденов мырза қалай түсіндіресіз?

Антикор Түркістан - Оянамыз! 

Облыстық прокуратура - ұйықтамай бақылауға аламыз!

Қандай шара көрілді, ресми ақпарат күтем!", - деп жазды ол.