АҚШ-қа қонаққа барып инсульт алған Қазақстан азаматшасы арнай ұшақпен елге жеткізіледі


Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, Е.Ремизова Сан-Францискодағы қызына биыл 11 қыркүйекте келген. 7 қазанда ол бас миынан инсульт алып медорталыққа түскен, кейіннен UCSF клиникасына ауыстырылған.
Клиникада оған төрт рет ота жасалды. Жолаушылар ұшағымен елге келуге денсаулығы жарамаған. Оның үстіне АҚШ-та тұруға заңдық мәртебесі мен сақтандыру қағазы болмағандықтан ол UCSF клиникасында әрі қарай қалып, тиісті дәрігерлік ем қабылдай алмайды.
Анасын арнайы ұшақпен елге әкелу туралы оның қызы Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігіне, одан Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне өтініш жасалған.
Осы орайда республикалық санитарлық авиация орталығы "ASPAN" «уе компаниясының қолдауымен Қазақстан азаматшасы Е.Ремизованы елге жеткізуге, әрі қарай Алматы жедел жәрдем ауруханасында ем алуына көмектеседі.
Ұшақ Алматы әуежайына бүін сағат 16:30-да келеді.
Медициналық жеткізілім республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.