АҚШ-та 11 қыркүйек оқиғасына қатысты шарада жарылыс жасамақ болған адам ұсталды

Әділет департаментінің ақпаратынша, Флорида штатының тұрғыны Джош Голдберг ғаламтор арқылы үшінші тұлғамен байланысқа шығып, жарылғыш зат жасаудың әдісін алған. Алайда, Голдбергтің виртуалды «жолдасы» Федералды тергеу бюросының (ФТБ) ақпаратшысы болып шыққан.

Голдберг Миссури штаты Канзас-Ситиде, 11 қыркүйек оқиғасының 14 жылдығын еске алуға арналған шарада жарылыс жасауды жоспарлаған.