Дереккөз мәліметінше, бұл рекорд көрсеткіш. Нәрестенің эмбрионы 1992 жылы қазанда қатып қалған. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ерлі-зайыпты ұзақ уақыт бойы бедеуліктен емделіп, Ұлттық донорлық және эмбрион орталығының көмегімен донорлық эмбрионды қолданған. Ол ұйымда қатып қалған эмбриондар сақталады екен.
"Мұздатылған эмбрионнан шыққан нәрестенің ата-анасы болғысы келетін ерлі-зайыпты әдетте 200-300 донордың ішінен таңдай алады, сондай-ақ, болашақ ата-ана олардың демографиялық тарихы туралы мәлімет ала алады", - деп түсіндірді орталық өкілі Марк Меллингер