АҚШ-та 60 жастағы адам үш ағайынын атып өлтірді


деп жазады «ТАСС» агенттігі. 

«Daily mail» газеті хабарлағандай, ер адамдар бір үйге америкалық футболдың сенбілік матчын көріп, музыка тыңдау үшін жиналған. Футбол бітіп, музыка таңдауға келгенде, олардың арасында жанжал туған.

Соңында 60 жастағы Родни Кемин ашуға беріліп, тапаншамен үшеуін атып өлтіріп, артынша өзіне қол салған. 
Бір ақпарат бойынша, үш өлтірілген адам ағайындылар болып шыққан.