АҚШ-та аяз салдарынан 2 мыңнан астам ұшақ тоқтап тұр

1 732 ұшақ ұшпай қалды, деп бүгін америкалық Эн-Би-Си телеарнасы мәлімдеді.

Атланта, Хьюстон, Шарлотт және Жаңа Орлеан әуежайлары АҚШ-тың оңтүстігіндегі қатты суық салдарынан тоқтап тұр.

Қатты суыққа байланысты біз қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін қатмамасыз етіп, олардың жұмысын барынша қысқартуға міндеттіміз, дейді әуежай өкілдері.

Ауа райын болжау мамандары күннің райы қашан қайтатыны туралы болжам келтірмеді.