АҚШ-та бейнебаян түсіру кезінде атыс болды


Салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, бес адам жарақат алды.

Бұл туралы Fox телекомпаниясы полицияға сілтеме жасап хабарлады.

Барлық жаралылар ауруханаға жатқызылды, олардың екеуінің жағдайы ауыр. Марқұмның жасы 30-да, қалғаны шамамен 20 жаста екендігі атап өтілді, қарулы адамның жеке басы мен тұрған жері анықталуда, полиция тергеу жүргізуде.